Weekend

Димаш әлем бойынша "Дәуірдің ұлы әншісі" сайысында бақ сынауда

Үздік 10 әншінің қатарында келе жатыр. Димашты бірге қолдайық!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның талантты әншісі Димаш Құдайберген АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі - Ranker-дегі «The Best Singers of All Time» (Дәуірдің ұлы әншілері) дауыс жинау сайысында үздік 10 әншінің қатарында келе жатыр. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Интернет алаңда жыл сайын өткізілетін Ranker-дегі бұл рейтинг әлемнің ең үздік әншісін таңдауды көздеп отыр. Қазіргі кезде рейтингтің үздік бестігін Фредди Меркьюри, Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Элвис Пресли мен Фрэнк Синатра бастап тұр. Уақытты талғамайтын бұл сайыс қазіргі танымал әншілермен бірге өмірден өтіп кеткен орындаушыларды да енгізіп, үздігін анықтамақшы.  

Үздік әншіге дауыс беру үшін мына сілтемеге https://www.ranker.com өтіп, ұнаса жоғары белгіні, ұнамаса төменгі белгіні көрсетуге болады.

«Бұл тізім әлемнің ең ғажайып музыканттарын қамтиды. Бүкіл дәуірдегі ең үздік әнші ретінде кімді нұсқар едіңіз? Ұнаған әншіңізге дауыс беріңіз», - делінген сауалнама жазбасында.

Орталығы Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында орналасқан әлемнің ірі цифрлы медиа-компанияларының бірі «Ranker» интернет-алаңына ай сайын 49 миллионға тарта адам кіреді. Сайтта осыған ұқсас рейтингтермен бірге, спорт, сауда маркалары мен мәдениет саласында да жыл сайын сауалнама жүргізеді.