Денсаулық

Краннан алынған ауыз суды үй жағдайында қалай тазартуға болады?

Су сапасын қалай тексеруге болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Су мәселесі қашан да өзекті. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген суымыздың қаншалықты таза екенінен хабарсызбыз. Су тазалаудың механикалық, биологиялық және химиялық жолы бар. Дегенмен, елімізде су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Қазақстанда жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса - олардың тиімділік көрсеткіштері төмендеп кетуі мүмкін. Қазіргі таңда жаңа технологияның енгізілуіне байланысты көптеген әдістер тәжірибеден өткізілуде. Сондықтан тұрмыста қолданатын суды, үй жағдайында тағы бір мәрте тазалап ішсеңіз өзіңізге жақсы. Ал күнделікті тұтынатын суды қалай тазалауға болады? 

Ауыз су құрамында әртүрлі химиялық қоспалар кездеседі, дегенмен су құрамында бұлардан бөлек адам ағзасына қауіпті микроорганиздер де болуы мүмкін.

Ауыз су құрамындағы зиянды микроорганизмдер адам ағзасына бірден әсер етпейді. Дегенмен уақыт өте келе оның зардабын шегесіз. Ауыз су құрамындағы улы химикаттар қандағы эритроциттерді жойып, бүйрек, жүрек және ми жұмысына тікелей әсер етіп, түрлі ауруға душар етеді.

Көпшілігіміз шикі суды қайнатып ішсек, зиянды микроорганизмдерді жойдық деп ойлаймыз. Алайда қайнаған судың шикі суға қарағанда зияны көп екенін білесіз бе?

Пайдалы кеңес:

Егер су құйылған ыдысыңызда жасыл дақтар қалса, бұл судың құрамында тұз қышқылы мен күкірт қышқылының көп мөлшерде екенін білдіреді.

Металл дәмі сезілсе оның  құрамына темір мөлшерінің көп екенін дәлелдейді. Егер су қызғылт түстес болса бұл құбырдағы судың темірмен ластанатын білдіреді.

Егер ыдысыңызда қара дақтар пайда болса, онда суда сутегі сульфиді бар.

Егер су қоңыр немесе қызғылт түсті дақтармен ластанса, бұл су құрамында темірдің көп екенін білдіреді.

Кран суын қандай жағдайда ішуге болмайды

Су тұнық болмаса әрі түсі өзгеше болса, судың біртүрлі дәмі болса, судың жағымсыз иісі болса мүлдем ішуге болмайды. Сонымен қатар тұндырып қойған суыңызда көп мөлшерде тұнба пайда болса ішпегеніңіз жөн.

Суды үй жағдайында қалай тазартуға болады

Ауыз суының сапасын үй жағдайында бірнеше тәсілмен жақсартуға болады:

– Тұндыру. Алдымен, краннан су алып, оны ыдысқа құйып, 6-7 сағатқа дейін тұндыру керек. Бұлуақытта су  ішіндегі ауыр металдар мен хлор қоспалары судан ұшып кетеді.

– Сүзгілеу. Суды кез келген сүзгі арқылы тазалауға болады. Су белгілі бір уақыт ішінде тұрса, оны сүзгілеу қажет. Сүзгіні мұқият таңдаған жөн. Силикон немесе белсендірілген көміртекті сүзгілерге ерекше назар аударыңыз, өйткені олар суды тиімді тазартады. Кремний немесе белсендірілген көмір негізіндегі сүзгілер су үшін тиімді. Бұл компоненттер зиянды заттар мен қоспаларды сіңіруде ерекше рөл атқарады. Ұзақ уақыт бойы адамдар суды тазарту үшін кремнийді қолданды. Ал белсендірілген көмір түрлі сүзгілерде қолданылады. Су таза болу үшін көмірді 12 сағат бойы суда ұстау жеткілікті.

– Қайнату. Суды қайнату үшін электрлік емес, кәдімгі шайнекті пайдаланыңыз.

– Күміспен тазарту. Шәугімдегі суға қарапайым күміс қасық салып, оның қасиеттерін жақсарта алады. Тіпті, мұндай судың емдік қасиетіне де көз жеткізетін боласыз.

Таза су – организм үшін маңызды рөл атқарады. Адам өмірі мен оның денсаулығына тікелей әсерін тигізеді. Тазартылған, сапалы су – денсаулығыңыз үшін маңызды.