Weekend
Ол бір түн ішінде 2-орыннан бірден 369-орынға түскен еді
Дәуірдің үздік әнші атағы үшін дауыс беру аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады.
"Қымбатты достар! Мен бүгін қандай да бір америкалық сайтта сауалнама жүргізіліп, ол жерде менің де атым аталғанын білдім. Дауыс беріп, қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, алайда бұл дауыс берудің қандай да бір конкурсқа, марапатқа немесе телевизиялық жобаға қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернет-сауалнама, ол ештеңені шешпейді. Маған және менің Қазақ халқыма сүйінпеншілік білдіріп жүргендеріңіз үшін көп рахмет. Менің шығармашылығымның осындай адал жанкүйерлерінің болуы – үлкен абырой. Мен сіздердің жанкүйеріңізбін. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!" – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.
Рейтингтің үздік үштігіне Фредди Меркьюри (1), Майкл Джексон (2) және Уитни Хьюстон (3) енді.
Димаш Құдайберген I am singer конкурсынан кейін әлемге танымал болды. Әртіс өткен жылдың қараша айында Лондонда жеке концертін өткізді. Ал 2019 жылы 22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында өнер көрсетеді.