Weekend

Димаш "Дәуірдің ұлы әншісі" дауыс беру қорытындысына қатысты түсініктеме берді

Ол бір түн ішінде 2-орыннан бірден 369-орынға түскен еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі – Ranker порталы «The Best Singers of All Time» (Дәуірдің ұлы әншілері) дауыс жинау сайысын өткізген болатын. Бұл сайысқа Қазақстанның талантты әншісі Димаш Құдайберген де қатысты. Ол рейтингте үздік 10 әншінің қатарынан көрініп, соңғы кезеңінде 6 орында, кейіннен 2 орынға шыққан болатын. Алайда, қорытынды  рейтингте бірден 369-орынға түсті. Бұл жағдай жанкүйерлердің ашуына тиіп, әділетсіз өткені үшін ұйымдастырушыларға ренішін білдірді.   

Дәуірдің үздік әнші атағы үшін дауыс беру аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне үндеу жасады.

"Қымбатты достар! Мен бүгін қандай да бір америкалық сайтта сауалнама жүргізіліп, ол жерде менің де атым аталғанын білдім. Дауыс беріп, қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, алайда бұл дауыс берудің қандай да бір конкурсқа, марапатқа немесе телевизиялық жобаға қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернет-сауалнама, ол ештеңені шешпейді. Маған және менің Қазақ халқыма сүйінпеншілік білдіріп жүргендеріңіз үшін көп рахмет. Менің шығармашылығымның осындай адал жанкүйерлерінің болуы – үлкен абырой. Мен сіздердің жанкүйеріңізбін. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!" – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Рейтингтің үздік үштігіне Фредди Меркьюри (1), Майкл Джексон (2) және Уитни Хьюстон (3) енді.

Димаш Құдайберген I am singer конкурсынан кейін әлемге танымал болды. Әртіс өткен жылдың қараша айында Лондонда жеке концертін өткізді. Ал 2019 жылы 22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында өнер көрсетеді.