Спорт

Тұлпарды танытатын кино туынды қажет

Жұлдызды жылқы жайында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аудандық басылымның тілшісі көтерген мәселе кино мамандарының назарына іліге ме белгісіз.

Әйтеуір, санамыздағы оймақтай ойды өздеріңізге жеткізуге асықтық. Әлеуметтік желінің дамыған заманында бұл бастама тасада қалмайды деген сенімдеміз. Қазақ халқы жылқы малын ерекше қадірлеп, құрметтей білген. Ол – тарихтан белгілі. Әрине, тарих беттерінде қазақтың атын әлемге мәшһүр еткен сәйгүліктер өте көп. Дегенмен, солардың ішінде біз үшін 1960-1970 жылдары «ХХ ғасырдың ең жұлдызды жылқысына» айналып, үш мәрте Олимпиада жүлдегері атанған Абсенттің орны ерекше.

Абсент – қазақ жерінде өсіп, аты аңызға айналған жылқы. Оның шыққан тегіне келер болсақ, әкесі 1945 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда өткізілген шеруге атақты маршал Григорий Жуков мінген «Араб» атты ақбоз ат болатын.

Ал шешесі таза қанды ақылтеке тұқымдас «Баққара» есімді бие еді. 1960, 1964, 1968 жылдары Рим, Токио, Мехико қалаларында өткізілген Олипиада ойындарында әлемнің әр түкпірінен жиылған жұртты өзінің сұлу жүрісімен тәнті еткен қазақ сәйгүлігінің есімі тарихта алтын әріптермен жазылуы тиіс. «Ол үшін не істеу керек?» деген заңды сауал туындайды. Ендеше, бұл сұраққа жауап іздеп көрелік.