Weekend

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан территориясы арқылы атмософералық фронттардың бірінен соң бірінің ығысуынан қар, солтүстікте кей жерде бұрқасын, екпінді жел болады. 

Казгидрометтің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республикада синоптикалық процестер айтарлықтай өзгермейді. Ал батыс және оңтүстік-батыстан тропосфералық ағындардың ығысуы сақталып, бұрынғыша ауа температурасын климаттық нормадан жоғары болады.

22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.       

Түркістан облысында тұман, шығыстан жел күші 15-20 м/с болады.

Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы —6 градус болса, күндіз —7 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде —4 градус, күндіз —4 градус болады. Шымкентте түнде —3 градус, ал күндіз ауа температурасы +1 градус болады.

23 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 7 градус аяз, ал күндіз 5 градус аяз болады. Алматыда түнде —5 градус, күндіз —4 градус. Шымкентте түнде —8 градус болса, күндіз +2 градусқа дейін көтеріледі.

24 қаңтарда Астанада түнде —7 градус, күндіз –1 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 5 градус нөлден төмен болса, күндіз +5 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде —5 градус, күндіз +4 градусты көрсетеді.