Спорт

Боатенг Барселонаға ауысады

«Сассуоло» жартылай қорғаушысы Кевин-Принс Боатенг «Барселона» футболшысы атануы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италиялық журналист Джанлука Ди Марцио тарқатқан ақпарат бойынша 31 жасар футболшы  каталониялықтармен келіссөз жүргізіп жатыр.

"Барселона"  тəжірибелі ганалық футболшыны қосалқы құрам шабуылшысы ретінде пайдаланбақшы жəне маусым соңына дейін жалға алмақшы. Ал жазда оны 8 миллион еуроға сатып алуды жоспарлауда.

Ағымдағы маусымда Боатенг А Серияда 13 ойын өткізіп, 4 гол соққан.