Спорт

«Реал» 34-інші рет Испания чемпионы атанды

«Реал» тағы чемпион болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мадридтің «Реал» футбол клубы мезгілінен бұрын Испания чемпионы атанды.

Реалдықтар соңғы ойынның алдындағы матчта, яғни 37-інші турда өз алаңында «Вильярреал» командасынан 2:1 есебімен басым түсіп, ұпай саны бойынша екінші орында келе жатқан «Барселонаның» чемпиондықтан үмітін үзді.

Соңғы турдың алдында «Реал» 86 ұпай жинады, «Барселонада» - 79.

«Реал» үшін бұл 34-титул. Корольдік клуб осы көрсеткіш бойынша рекордшы («Барселона» ұлттық чемпионатта 26 рет ұтқан).

Мадридтіктер Чемпиондар лигасындағы жеңістер саны бойынша да (13) рекордшы болып есептеледі.

Бұған қоса, «Реал» 19 рет Испания кубогының иегері атанды, 11 рет Испания суперкубогын еншіледі. Ал халықаралық аренада команда екі рет УЕФА кубогын, сондай-ақ төрт реттен УЕФА суперкубогын және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Айта кеткен жөн, осы маусымда «Реалдың» бапкері осы клубтың бұрынғы ойыншысы Зинедин Зидан болды.

inform.kz