Экономика

Шенеуніктер мұндай қиын кезеңнің өзінде байып жатыр - Алик Шпекбаев

Агенттік төрағасы шенеуніктердің байып жатқандығын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев коронавирус пандемиясы кезінде кейбір шенеуніктер дәрілер, медициналық құралдардың есебінен байып жатқанын айтты.

"Әлі күнге дейін пара беру жүйесі өркендеп жатыр. Оның ставкалары бәріне белгілі. Мұны мойындау қиын. Кейбір шенеуніктер осындай қиын кезеңнің өзінде жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектерді және медициналық жабдықтардың есебінен байып жатыр. Бұл мәселені оларды ұстау және қамау арқылы шешу мүмкін емес, - деді ол.

Алик Шпекбаев мәселені шешудің жолын ұсынды.

"Мен мәселенің шешімі ретінде барлық деңгейдегі бюджеттің толық ашығын, сондай-ақ қоғамдық және азаматтық қадағалауды қамтамасыз ету есебінен жүргізілуі қажет деп санаймын", - дейді агенттік төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы "СҚ-Фармация" басшылығына үндеу жасаған еді.

tengrinews.kz