Weekend

Қазақ елі мен постсоветтік елдердің артта қалуының себебі неде?

Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Міне, жаңа күнтізбе 2019-жыл да басталды. Тәуелсіз ел атанғанымызға 26 жыл толды. Осыған орай алғашқы көтергелі отырған мәселеміз - Қазақ елі мен постсоветтік елдердің артта қалуының себебі. Бұл сұрақ жиі қойылса да, толыққанды жауаптар әлі туа қойған жоқ. Бүгінгі мақсатымыз - осы сұраққа жауап табу.

 

Барлығымыз білетіндей, біздің ел де болсын, барлық постсоветтік елдер де болсын азаттық алғаннан бері көптеген реформалар жүріп, барлық салалар өзгерістерге түсті. Дегенмен де, бір ізде қалып кеткен білім жүйесінің, яғни, бүлдіршіннің мектеп қабырғасындағы білім алуы, білім беру тәртібі де, тәсілі де бір айналымнан қатып шыға алмауда.
Бұл - біздегі білім алу жүйесі төмен деген сөз емес. Керісінше, айтарлықтай жоғары. Ал жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқитын мектеп-лицейлер мен Назарбаев Зияткерлік Мектептеріндегі білім тым жоғарғы сапада. Бұл жерде орынды сұрақ туады: «Білімнің олқылығы қайда?» . Міне, осы жерден мектепте алған білімнің қолданылмаса, пайдасының жоқтығы аңғарылады.

 

Басты мәселе оқушылардың білімді дұрыс қабылдамауында, ал ұстаздардың дұрыс сабақ бермеуінде делік. Яғни, ұстаз да, шәкірт те сыни ойлаудың орнына қатып қалған заңның шеңберінен шыға алмай жүр. (Әрине, бұл жерде ұстаздарымызды қаралаудан аулақпыз)

 

Постсоветтік елдерде көптеген жаратылыстану мамандарының үлкен дәрежеге жетіп жатқанының себебі де осында. Бірақ, жаратылыстану бағыты жалғыз өзі өмір сүруге бейімделмеген. Бұған дәлел - Альберт Эйнштейннің «Білімнен гөрі қиял маңызды...» деген қанатты сөзі мен Стив Джобстың «Мен бір күні өз кумирым, Poloroid-та жұмыс жасайтын Эдвин Лэндтің,“гуманитарлық бағыт пен жаратылыстану бағытының қиылысында жұмыс жасайтын адамдар маңызды” деген сөздерін оқыдым. Сол кезде дәл осы бағытта жалғастыруым қажет деп түйдім» деуі. Ашып айтқанда, техноиндустрияда IBM тәрізді компаниялардың «ұсқынсыз» компьютерлерінің арасында (тек қана жаратылыстану бағытының көмегімен жасалған) Екі синтездің арқасында пайда болған (гуманитарлық пен жаратылыстану бағытының арқасында) «ұсқынды» әдемі компьютерлер (гаджеттер) дүниеге келді.
Білімді қатып қалған заң бойынша алып, жатқа қаншама білім саласын білгенмен де, сол білімді орынды пайдалану мен қиял, сыни ойлау жетіспейді.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, әрине, жеті атаңды, ата-бабаңды жатқа білгенің мақтауға тұрарлық, әйтсе де, оларды жүрегіңмен сезінбесең, жаңғыртпасаң алып келер пайда жоқ... Міне, білім жүйесі де дәл осындай