Hi-Tech

2019-жылы қандай смартфон таңдаған дұрыс?

Жаңа күнтізбені жаңа смартфонмен бастаңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өміріміздің бір бөлшегіне айналған самртфондардың қандай айырмашылықтары бар? 2019-жылға қандай смартфон таңдаған дұрыс? Бүгінгі көтергелі отырған мәселеміз осылар.

Бәріміз білетіндей, 2007-жылдың 29-маусымында ең алғашқы iPhone жарияланған уақыттан бері Nokia, Motorola, Sony Ericsson тәрізді кнопкалы телефондар дәуірі аяқталды. Яғни, техноиндустрия саласындағы бұл төңкерістен кейін iOS платформасына сай Android платформасы жасалды. Бұл үлкен бәсекелестік смартфондардың қарқынды дамуына әкеліп соқты. Қазіргі уақытта смартфондардың маркалары мен түрлері ұланғайыр. Соның арқасында смартфон таңдау «дүкенге барып ала салу ғана емес» үлкен шаруаға айналды. Бұл істі біраз жеңілдету бүгінгі мақсатымыз.

Смартфон таңдауда аса назар аударуымыз қажет қырларға тоқталатын болсақ:

1) 2018 жыл смартфондар индустриясына көптеген жаңалықтар алып келді. Солардың бірі рамкасыз экран, сатушылардың сөзімен «шексіз экран». Егер сізде трендтен қалғыңыз келмесе, және де интернет серфинг, фильм қарау үлкен әрі ыңғайлы экранда өткенін қаласаңыз 2019-жылғы смартфон таңдауда осы бір қырына назар аударыңыз.

2) Тағы да бір назар аударатын қырымыз бұл – смартфон дизнайны мен мықтылығы. Самртфонның дизайны сіздің талғамыңызды көрсететінін, ал корпусының мықтылығы сіздің смартфоныңыздың өмірін шешетінін ұмытпағайсыз.

3) Қарпайым халық үшін ең ауыры смартфонның жылдамдығы. Сіздің смартфоныңыздың қатып, қатпауы сіздің де уақытыңызды баяулататын дәрежеде болғандықтан бұған аса қатты көңіл аударылуы қажет. Ең басты назар аударатын жер ол – процессор. Одан кейінгісі RAM, яғни, ОЗУ. (Бұл тақырыпқа келесі күндері жеке тоқталамыз)

4) Ендігі қарайтын жеріміз ол – батарейка. Ал кейбіреулер үшін ең маңызды қыры да осы. Батарейкаға назар аударғанның өзінде де, есте сақтау керек жайт ол – смартфонның қуатының таусылуына оның көлемінің ғана емес процессор мен экранының қаншалықты қуатты жұмсайтындығы. Және де, қуаттайтын құрылғыға да қараңыз. iPhone үшін бәріміз білетін Lightning, ал android үшін Micro USB. Бұның барлығы ескілікте қалды. Қазіргі заман смартфонның жарты сағатта 50 пайызға толуын қалайды. Сол себепті 2019-жылда назар аударуымыз қажет жер ол – USB Type-C-дың болуы. Бұны техника дүкендерінде сыпайы ғана «Быстрая зарядка» деп атайды.  

Қысқа болса да, 2019-жылда назар аударуымыз қажет қырлар осылар. Ал егер сіз нақты қандай смартфон және қандай баға аралығында қалайтыныңызды пікірге жазып қалдырсаңыз келесі тақырып қандай смартфон таңдауға болатынына байланысты болады.