Саясат

Елімізде жастарға арналған тұрғын үйлер салынады

Жастарға деген мүмкіндік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді Қазақстанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы сілтеме жасап. 

Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

«Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс. «7-20-25″ бағдарламасы да бұл мәселені шешуге бағытталған. Бағдарлама бойынша баспана алуға тек жұмыс істейтіндер үміткер бола алатынын естен шығармау керек», — деді Елбасы Астанада жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде. 

Назарбаев жастардың мемлекетке көмектесетін уақыты келгенін айтты. 

«Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту – әлемдік тәжірибе. Кеңес Одағында біз пәтерге «байланып» қалатын едік. Ешқайда кете алмайсың, өйткені пәтер сенікі емес, мемлекеттікі, басқа жерде ешкім саған баспана бермейді. Солай болатын», — деп еске алды президент. 

Жастарды баспанамен қамту мәселесін, ең алдымен, миллион халқы бар үш қаладан бастауды тапсырған Назарбаев болашақта мұндай шаһарлардың қатары көбеюі керектігін атап өтті.