Weekend

Стандартқа сай сұлулық

Өзін-өзі қабылдап үйрену

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  • Адам баласы сезім мен ақылға ортақ алтын көпірді таба білуі қажет. Жүрекпен не тек ақылмен жасалған шаруа күйген аспен бірдей. ҚР суицид жасаудан әлем бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оған қоғамда көрсетілген қысым, біреулермен жазылып қойған стандарт, материалдық не физикалық жетіспеушілік, адамның өз-өзі төмен бағалуы әсер етеді. Пенде болған соң түрлі ойға берілетініміз рас. Бүгінгі күніне шүкіршілік етпейтін, сенімсіз, жауапкершіліктен қашқақтайтын, өз-өзіне қол жұмсағыштар тіптен көбейіп барады. Сол елдің бірі, Оңтүстік Корея. Онда жарқын болашаққа кілт - сұлу, арық болсаң ғана беріледі. Осыған байланысты баланың болашағына уайымдаған ата-ана 18 толған ұл-қызын пластикалық отаға апарады. Бүгінде дамыған елдер қатарында медицинасы мен экономикасы жоғары деңгейдегі Оңтүстік Кореяның жағдайы осындай. Баланың табиғи келбетін өздерінің стандартына сай әлпеттей, инкубатордан шыққандай бәрі бір-бірінен аумайды қалады. Әрқайсысымыз Жаратқанның ерекше туындысымыз. Қыз баласы бояуға өте жақын болатыны рас. Ал ерлерінің боянғаны да үйреншікті жағдайға айналуда. Еуропа елдерін алып қарасақ, олардан жайлылық пен 
    табиғилылықты тез байқаймыз. Корей, өзбек, ағылшын, орыс, еуропа, американдық, жалпы кез келген ұлттың телетуындысын алып қарасақ, олардың жан дүниесін, қоғамдағы түйткілді мәселесін, мінезін, құндылығын бірден аңғарамыз. Аспаннан салбырап түскенді тек қиял-ғажайып фильмдерден көре аласыз. Қалғанының бәрі күнделікті шаруа. Корея - сұлулықты ұрандатқанымен, ұлттық сұлулығынан айырылуда. Бірақта соңғы уақытта көп болмаса да, өзгерістер байқалуда. Корейдің біршама атақты әртістері мен қараша xалқы бет-бояу мен қуыршақ секілді киіну образдарынан шаршағанын байқатты. Енді керісінше Қазақстанда корей бояулары, оларға деген сұраныс күннен-күнге артуда. Бет күтіміне байланысты алынған тауарға еш қарсы әрекетім жоқ. Тек қазақ қыздары мен ұлдарының белгілі бір сұлулық стандартына сай болғанын қаламаймын. Өзіңізді сұлулық немесе жетістігіңізге қарай бағаламаңыз,жай ғана бұл өмірде өзіңіздей жан барына қуанып, еш себепсіз өзіңізді сүйіңіз. Өзін толықтай қабылдап, сүйе білген, сенімді адамды қоғам да кіршіксіз қабылдайды.