Спорт

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Танымал ауыр атлет жаңа қызметке келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауыр атлет, әлемге танымал спортшы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.  

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген", - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Белгілі спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін де жасырмай айтты.

"Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын", - деді Ильин.