Спорт

Канелоны нокаутқа түсіру Головкиннің ғана қолынан келеді

Мексикалықты орта дивизион "патшасы" атап жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) орта салмақта ең мықты боксшы, алайда, британиялық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) оны жеңе алады. BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи осындай пікір білдірді. 

"Сауль Альварес - орта дививзионда ең мықты. Техникасы жақсы, Билли Джо Сондерс те ғана оны ұпай санымен жеңуге аздаған мүмкінідігі бар сияқты. "Канелоны" жеудің анық жолы - оны нокаутқа түсіру. Мұндай Головкиннің ғана қолынан келеді. Алайда қазақстандық нокаутшы 37 жаста. Ол қартайып кетті және бұл олардың қарымта жекпе-жегінде көрінді. "Канело" ұзақ уақыт орта дивизион патшасы болып қалады деген ойдамын", - дейді Гемичи.  4 мамырда Альварес IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) жұдырықтасады.

Бұл кездесу жеңімпазына абсолют чемпион атану үшін Деметриус Андрадедегі (27-0, 17 КО) WBO белбеуі ғана қажет болады. Ал Андраде алда бұл белбеуін осы ұйымның бұрынғы чемпионы Сондерстен қорғайды.