Weekend

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

Жас әнші America's Got Talent шоуының финалында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова танымал America's Got Talent телешоуының финалына өтті.
АҚШ-та көрермендер бір тәулік бойы қатысушыларға дауыс берді. Данэлия Төлешова көрерменнің дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарынан көрініп, танымал әлемдік шоудың финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды дейді Данэлияның PR-директоры Татьяна Синенко, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Осы уақытқа дейін мені қолдап келе жатқандардың барлығына алғыс айтамын. Апта ішінде қорытынды шешім шығады, көп жұмыс істеу керек", - деп әсерін бөлісті Данэлия.

Финалға өту үшін үш өнерпаз бәсекеге түсті, Данэлиядан бөлек екі қатысушы бұған дейін "Golden buzzer" (қазылар алқасының арнайы қолдауы) иегері болған еді, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады.

America's Got Talent шоуының 15-маусымының финалы 22  қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Айта кетейік, өнер көрсетуге арналған композиция әлі анықталған жоқ.

Өткен кезеңде Данэлия ерекше аранжировкада Jessie J-дің "Who you are" әнін орындады.

Телешоу төрешілерінің бірі, актер Хоуи Мэнделл қазақстандық әншінің өнерін жоғары бағалап, Данэлияның өте талантты екенін және сахнаны сезіп ән салатынын айтты.