Hi-Tech

Алғашқы унитаз тазалайтын робот сатылымға шықты

Әйелдер қауымына қуанышты жаңалық

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа технологиялар тұрмысымызға көптеген қолайлылық алып келді, бұған ең алдымен нәзікжандарымыз риза болатыны анық. Киім мен ыдысты жуатын машина бар екендігін білетінбіз, енді унитазды да робот жуып береді. Үйіңізде енді "пайдаланған соң тазалап кетсеңдерші" деген тақырыптағы айқай болмайды. 

 

Giddel деп аталатын робот Amazon сайтында сатыла бастады, мына жерден тапсырыс бере аласыз. Бағасы 499 $.

Роботты унитазға орнатқан соң алдымен ішінің кеңдігін автоматты түрде бағамдап алады да шоткасымен ысқылай жөнеледі. Сіз тек роботты унитазға орнатып кнопкасын бассаңыз жеткілікті. Робот батерикамен жұмыс істейді, қуаттап отыруды қажет етеді.