Weekend

Головкин Данэлия Төлешованы қолдауға шақырды

GGG Данэлия Төлешоваға қолдау білдіруге шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп жатқан Данэлия Төлешованы қолдады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Бұл туралы Головкин Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Данэлия Төлешова қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз! Дауыс беріп қолдайық!" - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, бүгін Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өз өнерін көрсетті. Қазақстандық әншінің өнері конкурстың You Tube каналында және Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Енді финалға шыққандарға тәулік бойы дауыс береді және нәтижесі ертең жарияланады.