Саясат

Жастар жылы: Жастар бастамаларын жүзеге асыруға арналған мүмкіндік

2019 жыл Елбасы Н.Назарбаевтың жариялауымен жастар жылы болып бекітілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жыл Елбасы Н.Назарбаевтың жариялауымен жастар жылы болып бекітілді және күні кеше ғана ашылу салтанаты өтті. Жастар еліміздің негізгі драйвері, демократиялық жаңарудың негізін салушы қозғаушы күш. Біз жастар «жастар жылынан» не күтеміз және береріміз не?

Осы уақытқа дейін жастарға жасалынып келе жатқан мүмкіндіктер толассыз. Әлеуметтік- экономикалық немесе тұрмыстық бағыттардағы жобалар жетерлік. Әйтсе де, жастар жылында бастау алар бастамалардың орны ерекше. Оны күні кеше Елбасы жастар жылының ашылу салтанатында жасаған баяндамасында кеңінен тоқталды. Жастардың сапалы әрі қолжетімді білім алуы, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй мәселесі басты назарда болуы тиіс екендігін алға тартты. Соның ішінде студент жастарға біршама жобалар нақтыланды.

1. Жұмыспен қамту. Әлем тәжірибесінде өзін-өзі жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысу жеке адам үшін де және мемлекет үшінді өте маңызды. Бітіруші курстардағы 60 000 студентті тікелей бизнескп баулу керектігін алға тартты. Бұл дегеніміз әрбір бітіруші 3-ші түлек бизнеске бет бұрады деген сөз.

2. Дипломмен ауылға. Аталмыш бағдарлама 2009 жылдан бері қолға алынған. Жастар жылы аясында төленетін жәрдемақыны 100 АЕК көтеруі біріншіден жастарға үлкен жағдай, екіншіден ауылды көтерудің негізгі жолы.

3. Білімді маман. Студент жастарға 5 әлеуметтік бастама негізінде 20000 грант бөлініп және 2022 жылдың соңына дейін 75000 орындық жатақханамен қамтамасыз ету тапсырылған. Осы жоба аясында 2018 жылы Алматы қаласында 3 жатақхананың құрылысы аяқталып қолданысқа берілді, биылғы жылы 5 жатақхананы аяқтау жоспарда. Осы бағытта жұмыстар одан әрі жалғасатынын Елбасы нақтылап, білім беру орырдарының сапасын арттыруды тапсырды.

Ерікті студенттер үшін шәкіртақыға үстеме 30% қосуы жастар арасында еріктілікпен айналысудың өсуіне жол ашары сөзсіз. Білім және ғылым министрлігі аталмыш жоба аясында ЖОО волонтерлік курстар өткізетін болпды.

4. 4К. Жиырма бірінші ғасырда адамдар үшін "hard skills"-тан гөрі "soft skills" жоғары дәрежеде бағаланады. Елбасы соның ішінде 4К қасиеттерді дамытуды алға тартты. Олар: критикалық ойлау, коммуникация, коллаборация және креативтілік. Адами капиталды дамыту елдің маңызды инвестицияларының бірі. Осы бағыттан таймасақ еліміз интеллектуалды державалардың бірі болу мүмкіндігі жоғары.

5. Open University. Қашықтықтан оқыту әлемнің дамыған елдерінде кеңінен тараған. Қашықтықтан оқыту негізінде шығындарды азайтып, білім алушылар санын арттыруға болады және уақыт үнемделеді. Елбасы осы бағытта үкіметке қажетті шараларды жссауды тапсырды. Бұл жұмысшы жастарға оқуға және студенттерге екінші диплом алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 100/200 принципі бойынша өңірлік оқу орындары жаңартылған білім беру бағдарламаларына көшуді тапсырды.

6. Жасыл Ел. "Жасыл қала - жасыл ауыл" бағдарламасы жүзеге асып студенттік құрылыс отрядтары көбейетін болды. Бұл жазғы уақытта студенттер біршама жұмыспен қамтылады деген сөз.

Жоғарыда аталған бағыттар шеңберінде мемлекет тарапынан жастарға ерекше қолдау жасалынатын болады. Бұл жастардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайының оңалуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Жастар жылы – бұл біздер үшін елдегі өзгерістер ағымына тікелей атсалысудың бірегей мүмкіндігі. Жастарға беріліп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалану жастардың қолында. Біз Алматы студенттер Альянсы жастар жылы шеңберінде біршама жобаларды жүзеге асыруға және Ұлы Дала елінің өсуі мен өркендеуіне әрқашан дайын екендігімізді білдіреміз. Біз Алматы студенттер Альянсы жастар жылын жоғары дәрежеде өтуіне өз септігімізді тигіземіз. Сонымен қатар барша Қазақстан жастарын осы мақсаттарды бірге бағындыруға және белсенді болуға шақырамыз.

 

Жасұлан БОСТАНДЫҚҰЛЫ

«Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Алматы қаласы бойынша көшбасшысы,

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры