Weekend

Гумбольдт стипендиясын алған алғашқы қазақ кім?

Стипендия хақында бірер сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1860 жылы Гумбольдт дүние салған соң көп өтпей Германияда Гумбольдт атындағы қор құрылады. Содан бері әлемнің 130-дан астам елінен 27 мыңнан аса ғалым бүгінде Гумбольдт стипендиясының иегері атанған.

Ғылым жолында ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткен бұл ғалымдардың 50-і Нобель сыйлығының лауреаттары. Ал қазақ топырағынан шыққан ғалым Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбай Орта Азияда ғалымның атындағы стипендияны алған алғашқы адамдардың бірі. Биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі Рахметқажы Берсімбай аталмыш стипендияны 1986 жылы алған. Бүгінде Қазақстандағы Гумбольдт клубының президенті.

Ғылыми жаңалық ашуды көздеген ғалымдардың ішінде көшін Рахметқажы Ескендірұлы бастаған бірнеше қазақ бар. Иә, бақандай 15 адам! Жыл сайын қор құрылтайшылары 700-ге тарта ғылыми жобаларды талқыға салады. Ғалымның көтерген мәселесі, ғылыми жаңалық аса жоғары бағаланады. Қор тарапынан докторанттарға 6 айдан 2 жылға дейін айына 2250 еуро төлесе, ғылыми жұмысты зерттеушілердің тобына төленетін ақы – 1 миллион 650 мың еуро. Докторлық диссертациясын қорғағанына 12 жыл толғаннан кейін жеке зерттеушілерге айына 2450 еуро төленеді.

Алайда қор басшылығы енді стипендиядан үмітті ғалымдарға қойылатын талаптарды өзгертпек. «Өзге елдер тәжірибелі ғалымдарды футбол ойыншысы сияқты сатып алады. Германия қаржы мәселесіне байланысты олай істей алмайды. Алайда, біз конкурстың шарттарын өзгерте аламыз. Бұған дейін біз ғылымда АҚШ, Австралия және өзге де батыстық елдермен ғана бәсекеге түсетін едік. Бірақ, бүгінде біздің бәсекелестердің сапына Қытай, Үндістан, Тайван, Оңтүстік Корея, Сингапур сынды елдер де қосылды»,-деді қор президенті, профессор Вольфганг Фрювальд (Wolfgang Frühwald)  "Die Zeit" газетіне берген сұхбатында.

Жыл сайын Гумбольдт атындағы қор есебінен Германияға 1800-ге тарта ғалым келеді.