Hi-Tech

TIME журналы ең белгілі гаджеттер қатарына қандай технологияларды қосты?

Өз қолыңыздағы гаджеттер тарихын білесіз бе?

 

 

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғаламшар жұртшылығының өмірінде гаджеттер мен түрлі технологиялардың өте ауқымды рөл атқаратындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Статистика негізінде сөйлесек, әрбір адам өз смартфонын күн сайын кем дегенде 300 мәрте ашады екен. Соңғы онжылдық ішінде технологиялық үдерістің даму деңгейі осыншалықты шарықтады.

Өз қолыңыздағы гаджеттер тарихын білесіз бе? Немесе Төртінші индустриялық революция кезеңінде адамзат баласын не күтіп тұрғанынан хабардарсыз ба?

Біз бүгінгі жазбамызда смарт-технологиялардың дамуының сағасы мен шарықтау шегі аралығын сараламақпыз. Сонымен қатар, азуын айға білеген TIME журналының саралауы нәтижесінде үздік деп танылған гаджеттер туралы қысқаша ақпаратты ұсынамыз.

1. Apple iPhone

Миллиондардың қалтасына сыйып кететін шағын әрі қолайлы компьтерлердің, яғни, смартфондардың атасы – бұл. Он жыл көлемінде әлем нарығын жаулап алған қалта телефонының артықшылығы неде? 2007 жылы алғашқы айфонның анонсы шықты. Бірақ бұл уақытқа дейін де түрлі компаниялар смартфондарды жасап қойған еді.

Бірақ нарықтағы батырмасы бар ұялы телефондарды біржола жойған да, халық сұранысына ие болған алғашқы смартфон да, қолайлылығы мен сенсорлы басқару формасының қарапайымдылығымен таң қалдырған да – iPhone.

Компания бұл смартфонды нарыққа он жыл бұрын шығарса да, айфонның өзіндік блок жүйесі мен қосымшалар дүкені кейінірек қосылды.

Ал қазіргі уақытта бұл смартфон жыл сайын жаңа модельдері мен олардың күшейтілген нұсқаларын шығарып отырады.

Қызықты мәлімет: Қазақстандықтарға iPhone-ның соңғы моделін алу үшін 4,5 ай көлеміндегі табысын толығымен дүкен кассасына салуға тура келеді.

2. Sony Trinitron

Картинки по запросу Sony Trinitron 1986

Белгілі журналист Эдвард Мэрроу уағында теледидарды былай сипаттаған еді: «бұл дүние лампалары мен ток өтетін сымдары бар жәшіктен әулие емес». Trinitron деп аталатын алғашқы теледидарды Sony компаниясы 1968 жылдан бастап шығарды. Дәл осы модельдің нарыққа шығуымен түрлі-түсті теледидардың саудасы да, сұранысы да артты.

Sony Trinitron теледидарының жасалуы барысында қолданылған технологиялар мен оның сыртқы пішіні өнімді жылдам танымал етіп, тіпті, Emmy сыйлығын иемденді. Ал өнімнің шыққан уақытынан бастап санағанда, 25 жыл ішінде Sony компаниясы Trinitron теледидарының 100 миллион данасын нарыққа шығарған.

3. Apple Macintosh

Картинки по запросу Apple Macintosh

«Көк алыптар (IBM. Ред.) компьюет өндірісі бойынша нарықты бағындыра алады ма? Барлық ақпаратты қанағаттандыруға қауқарлы ма? Джордж Оруэлл өзінің «1984» атты романында ақиқатты дөп басты ма?» деген сөздері арқылы Стив Джобс Macintosh компьютерінің тұсауын кескен.

Macintosh өзінің қолайлылығымен, технологиялық жетіктігімен, қолданысқа ыңғайлы тінтуірімен Apple үшін IBM компаниясына тойтарыс беретін басты қаруға айналды.

Дегенмен, жоғары бағасы және жетілдірілген технологиялық артықшылықтары арқылы Microsoft жасаған Windows операциялық жүйесі ескі Mac операциялық жүйесін жолда қалдырды.

Бірақ Macintosh адамзат баласына компьютермен қалай жұмыс жасау қажеттілігін дәлелдеп берген бірден-бір өнім болып қалғанына ешкім дау айта қоймас.

4. Sony Walkman

Sony Walkman

Sony Walkman - ыңғайлылығымен, қолдану қарапайымдылығымен және қолжетімділігімен нарықты жаулаған алғашқы музыкалық плеер.

Бұл плеер шыққанға дейін винильді пластинкалар өздерінің сұранысын бәсеңдетпеген еді.

Sony Walkman плеерінің өз уақытындағы ең басты ерекшелігі – оның қалтаға немесе қол сөмкеге оңай сыйып кететіндігінде еді. Оның магнитті ленталар арқылы жасалған кассеталары да құрылғыға сәйкес, сырт пішіні өте кішкентай еді.

Sony компаниясының дәл осы өнімі бүгінгі күнгі «қоғамдықорындағы жеке ақпарат» қағидасын қалыптастырып бергендей. Нақтырақ айтсақ, құлаққап жүйесі ең алғаш осы плеерде қолданылды және танымалдылыққа ие болды. Сонымен қатар, плеер АА-батареяларымен жұмыс жасай беретін.

Компания осы күнге дейін бұл модельдің 200 миллионнан астам данасын сатқан.

5. IBM Model 5150

IBMPC

Бүгінгі күнгі компьютер нарығы ІВМ компаниясы болмаса, басқаша сипат алар ма еді, бәлкім?! Әрине, 1981 жылы жарық көрген 5150 моделіне дейін де жеке тұлғаға арналған компьютерлер болды.

Бұл модельдің жарнамалық жұмыстарына аса үлкен күш жұмсалса керек. Өйткені, сол уақыттарда электронды-есептегіш машинаның бұл түрі ауқатты деген үйлердің төрінен табылып, қолданылу және сұраныс аясы айтарлықтай кеңейді.

ІВМ компаниясының ең сәтті қадамы – жеке адамдарға арналған компьютерлердегі DOS операциялық жүйесін лицензиялап алуы. Бұл лицензиялау барлық компьютер өндіруші компанияларды ІВМ-мен санасуға мәжбүрледі.

Сіздің үйдің төріндегі алып теледидар, алдыңыздағы ноутбук немесе компьтер, қалтаңыздағы смартфон, құлағыңыздағы түрлі құлаққаптар және түрлі жұмыстарды жеңілдетуге мұрсат беретін өнімдер – технология дамуының нәтижесі.

15-20 жыл бұрын біздің нарықта қазіргі уақыттағыдай смарт-технологиялар салтанат құрады десе, халықтың басым бөлігі қолын бір-ақ сілтеуші еді.

Ал бүгінде технологиялық жабдықтарсыз күніміз қараң. Технологиялық өнімдердің жүйесін білу, тарихын тану ешкімге артық ете қоймас.

Әсілінде, тұтынушылар сұранысы өндіруші компаниялардың арасында бәсекелестік туғызбақ. Ал бір бағыттағы алыптардың бәсекеге түсуі – даму қарқынын жылдамдата түсетін фактор.