Hi-Tech

Илон Масксыз Tesla

20 миллион доллар айыппұл төлейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla компаниясының Бас директоры Илон Маск сотпен күресте жеңілді. Жеңіліп қана қойған жоқ, 20 миллион АҚШ долларымен айыппұл төлейді.

 

Компанияның директорлар кеңесінен және басшылықтан кеткен Илон Маск негізін қалаушы болып қала береді. Алайда ешқандай құқы болмайды.

 

Сенбі күні жарияланған құжат негізінде Маск 45 күн ішінде өз тағынан «зейнетке» кетеді. Мәрттік жасап, бәріне көнуге келісім берген ол, айыппұлды төледі және 3 жыл көлемінде директорлыққа таласпайтыны туралы ашып айтты.

 

Болған оқиғаларды ескере келіп, Tesla компаниясы кеңестен бөлек тәуелсіз директор іздей бастады. Илон Маск үшін ендігі жерде тыныш жүруі үшін бар-жоғы Twitter месенджеріне жақсы дүниелер салуға тырысу керек.

 

Болар іс болды, бояуы сіңді. Дегенмен Масксыз «Tesla» Tesla бола ма?