Apple компаниясының интернет-планшеті iPad-тың қандай ерекшеліктері бар?

iPad — Apple компаниясының шығаратын интернет-планшеті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Apple - телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация.

Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған.  1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.

iPad — Apple компаниясының шығаратын интернет-планшеті. Оның 1,2,3,4 деген түрлерi бар. Планшеттің алғашқы нұсқасын Стив Джобс Сан-Франциско қаласында 2010 жылдың 27 қаңтарында ұсынған болатын.

iPad Wi-Fi+3G модельдерінде GPS-қабылдағыш модулі бар, ол оқшау режимінде A-GPS және режимінде жұмыс істей алады. Сонымен қатар, кәдімгі SIM-карталар орнына Micro-SIM карта пішімі пайдаланылады.

Арнайы iPad үшін iTunes-Store-да жаңа бөлімше ашылды, App Store жүйелік қосымшасы арқылы қол жетімді.

АҚШ-тағы iPad модельдерінің бағалары:

 

16GB

32GB

64GB

128GB

Wi-Fi

$499

$599

$699

$799

Wi-Fi + Cellular

$629

$729

$829

$929

АқШ-та Wi-Fi қондырылған iPad планшеті сатылымға 2010 жылы 3 сәуірде шығарылды. Wi-Fi және 3G бар iPad сатылымы кешірек іске асты — модельдер дүкен сөрелерінде(АҚШ-та) 2010 жылы 30 сәуірде пайда болды.

iPad-тың шет елдерге шығарылуы (Австралияда, Канада, Франция, Германия, Италия, Япония, Испания, Швейцария және Ұлыбританияда) 2010 жылы 28 мамырда басталды.Сонымен қоса компания планшетті компьютер сатылымын Австрияда, Бельгияда, Гонконгте, Ирландияда, Люксембургте, Мексикада, Нидерландта, Жаңа Зеландияда және Сингапурде шілде айында бастайтынын мәлім етті.

 

iPad модельдерінің бағасы халықаралық сатылымдарда:

 

 

16GB

32GB

64GB

128GB

Wi-Fi

€479 Europe, £429 U.K., $549 Canadian, $629 Australian

€579 Europe, £499 U.K., $649 Canadian, $759 Australian

€679 Europe, £599 U.K., $749 Canadian, $879 Australian

 

Wi-Fi + 3G

€579 Europe, £529 U.K., $679 Canadian, $799 Australian

€679 Europe, £599 U.K., $779 Canadian, $928 Australian

€779 Europe, £699 U.K., $879 Canadian, $1,049 Australia