Марғұлан Ақан

Facebook Бас директорды таныстырды

Facebook компаниясы Instagram әлеуметтік желісіне жаңадан Бас директор тағайындады. Су жаңа басшының есімі – Адам Моссери.

Адам Моссери 2008 жылдан бері компанияда жұмыс жасап келеді. Негізгі міндеті Facebook-тің жаңалықтар бөліміне жауап беру болған. Одан кейін Instagram әлеуметтік желісінің вице-президенті міндетін атқарған. 

Жаңадан келген директор компанияның сызған сызығымен жүре отырып, өзіне жаңадан команда жасақтайтын болады. 

Айта кету керек, 24 қыркүйек күні Instagram әлеуметтік желісінің негізін қалаған Кевин Систр мен Майк Кригер жұмыстан кететін айтқан болатын. Олардың кетісімен Facebook акциялары 1,3%-ға төмендеп кетті. 

0 Пікір Кіру