Спорт

Илья Ильинге "Халық алғысы" медалі табысталды

Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильинге "Халық алғысы" медалі табысталды. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

"Мен спортшы ретінде жеткен жеңістерім үшін бүкіл халықтың құрметі мен ризашылығын сезінемін, сондықтан бұл медальді үлкен құрметпен қабылдадым", - деде ол.

Илья Ильинге медальді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметов табыстады.

"Серік Әбжәлиұлына құрметімді білдіргім келеді. Медаль карантин кезіндегі белсенді волонтерлік қызмет үшін берілді. "Халық алғысы" медалін алған барлық азаматты құттықтаймын. Игі істерді көбірек жасайық!", - деді Ильин.