Спорт

WBC жастар чемпионы: жеңісімді қазақтың көз жасына арнаймын

Садриддин Ахмедов

 

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы атанды. 

Оған бос тұрған белбеуге талас жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарес қарсылас болды. Кездесу Канаданың Монреаль қаласындағы бокс кешінде өтіп, 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды. Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды. 

Бір қызығы, ұйымдастырушылар бастапқыда қазақстандық өнер көрсететін орта дивизионда өтетінін мәлімдеген. 

Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. 

Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы өзінің жеңісін "қазақ елінің көз жасына арнаймын" деп инстаграм желісінде жазба қалдырған. 

Дереккөз: vesti.kz