Білім және ғылым

Оқушыларға БЖБ мен ТЖБ неге ұнамайды?

Ескі бағдарламаны оқушылар мен ата-аналар неге сағынып отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2017 жылдан бастап Білім және Ғылым министрлігі жаңа жарлық шығарды. Оқушы Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)  тапсыру арқылы бағаланып, сол арқылы тоқсандық қорытынды баға шығатын болып өзгертілді. Одан бері 3 жыл өтсе де ескі бағдарламаны оқушылар мен ата-аналар неге сағынып отыр?

БЖБ және ТЖБ-ны кімдер дайындайды?

Бағалау критерийлері мен жиынтық бағалау жұмысы Назарбаев атындағы Интеллектуалды Мектептің білікті мамандарымен жасалады. Бұл жұмысты жасау үшін, әрине олар өзіндік оқулықтарын пайдаланады. Алайда бұл мемлекет бойынша рейтингі жоғарғы әрі арнайы мектеп болғандықтан, олардың оқулықтары қарапайым жалпы білім беретін мектептің оқулықтарынан өзгешелеу болатыны ескерілмеген сынды. Көптеген оқушылар қолына жұмысты алған кезде 20 минуттың ішінде оқылмаған сұрақтарға жауап беруі керек. Әлде мемлекет мектеп оқушыларын мега ақылды санай ма?

Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жинытық бағалаудың жауаптары әлеуметтік желіде!

Қорытынды бағаның 5 болғанын қаламайтын оқушы жоқ. Сондай баға алу үшін кейде қулыққа көшуге тура келеді. Бұрын оқушылар үздіктерден көшіретін еді, ал енді смартфондар жауабын көрсетуде. ВКонтакте желісінде 1-11 сынып БЖБ ТЖБ жауаптары сынды топ бар. Бұл топтың негізін қалаушы белгісіз. Бірақ ол жанды оқушылар білмей жатып-ақ жақсы көретін секілді. Алгебра мен геометриядан бастап информатикаға дейін бүкіл жиынтықтардың жауабын табуға болады. Таппай жатса пікір қалдырып, сұрап та жазып алу қиын емес. Әлеуметтік желіден көшірілген және толық критерийдегі жауаптарды ұстаз қалай бағалайды? Және оқушының тиісті бағасын қоя ма әлде айласы үшін баға қоя ма?

Ата-аналардың тарапынан да наразылық бар

Кейде 10 тапсырманың жауабын жазып шығу үшін 20 минут, тіпті 15 минут берілуі мүмкін. Асығып жазу, үлгермеу жасөспірімдердің ойын жинақтай алмауына әкеп соғады. Қорытындының жауабы тағы бар. Ата-аналар балаларының орынсыз ашуланатынын, бірнәрсеге алаң ететінін байқаған сынды. Онсыз да күйзеліске ұшыраған оқушыға үйдің тірліктері мен отбасылық жағдай да жүк үстіне жүк болып әсер етуі мүмкін.

Мұғалімдер дұрыс бағаламайды

 Балл қою кестесі немесе критерий кейде дұрыс берілмей жатады. Мысалы сәйкестендіру тапсырмасында 4 бөлік болса әр дұрыс жауапқа 1-1 баллдан жалпы 4 балл болу керек. Жоғарыдан келген критерийде ол үшін 2 балл деп тұр. Яғни оқушы 3 бөлікке дұрыс жауап берсе 1,5 балл алама әлде 1 балл ма ол да мәселе.

Бөлім бойыншы жиынтық бағалау еуропалық білім беру жүйесіне еліктеп жасалғаны ешкімге жаңалық емес шығар. Алайда бұл жүйе бізге сәйкес келе ма? Келмесе бізді тағы қандай өзегрістер күтіп тұр?

Рашит Фарида