Weekend

Сөзің мен ісің сәйкес келмесе...

Таңғаларлық дерек...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейде тарихта болған неше түрлі оқиғаларды естіп жағаңызды ұстайсыз. Адам сенгісіз жайттардың жаныңды түршіктіріп жіберетіні бар. Бұған сенгіңіз келмесе де, шындыққа тура қарауға тура келеді. "Қанша кітап оқығаныңды айтпа, қаншалықты өзгергеніңді айт" деген екен баяғыда бір данышпан. Сол айтқандай, адамның айтқан сөзі мен жасаған ісі сәйкес келмесе, бәрі бекер екен-ау... Айту бар да, оны амалмен іске асыру бар. Екеуі екі бөлек дүние.

Сонымен тарих не дейді? Көз жүгіртіп көрейік...

1. "Бала және оған қамқорлық көрсету" атты бестселлердің авторы Бенжамин Спокты өзінің туған балалары қарттар үйіне тапсыруды қалаған екен...

2. 1936 жылы шығып, әлемнің бірнеше тіліне аударылған әйгілі "Адамдарды қалай жаулап алуға және қалай әсер етуге болады" кітабының авторы Дейл Карнеги жалғыздықтан құса боп өлген екен...

3. АҚШ-та "Некені қалай сақтау керек" кітабының авторы әйелін атып өлтіріп, оның өлі денесінің суретін Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген екен...

4. XX ғасырда педагогикалық тәрбие саласында революция жасаған әрі бала тәрбиесіне қатысты бірнеше өсиет қалдырған әйгілі итальяндық педагог Мария Монтессори өз баласын өзге біреудің тәрбиесіне берген екен...

5. "Қалай бақытты болуға болады" бестселлерінің авторы Юн Хи қатты күйзеліске ұшырап, асылып өлген екен...

Иә... Тарих осылай сөйлейді... Айтылған сөз бен істелген істің бірлігі болмаса, еңбектің еш кеткені осы шығар...