Әлем жаңалықтары

Хабиб "Ресей батыры" атағына лайықты емес!

Костя Цзю Хабиб Нурмагомедов жайлы өз ойын білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан жартылай орта салмақ бойынша бұрынғы абсолют чемпион Костя Цзю жеңіл салмақ бойынша UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке «Ресей батыры» атағын беруге қарсы шықты,-  деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sport24-ке сілтеме жасай отырып.

 

Депутаттардың бірі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге өзінің ойын айтып  жүгінді.

 

"Ресей Батыры? Не үшін? Еңбек сіңірген спорт шебері-бұл түсінікті, тіпті талқыланбайды. Ал Ресей Батыры атағы ... мен түсінбеймін. Мен Хабибті және оның жасап жатқан істерінің бәрін қанша  құрметтегеніммен, бұл- бір-біріне сәйкес келмейтін заттар", – деді Цзю.

 

32 жастағы Нурмагомедов қазан айында әкесінің өлімінен кейін бірінші, өзі үшін соңғы жекпе-жегінде американдық Джастин Гэтжиді жеңіп, бірден мансабының аяқталғанын жариялады. Оның есебінде MMA-да 29 жекпе-жекте 29 жеңіс, оның ішінде UFC-де 13 жекпе-жекте 13 жеңіс бар.