Bugin

Марғұлан Сейсембайдың «Қоңыр унитаз» ұлттық премиясы жарияланды

Мәселе шешіле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Сеймар» компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында «Қоңыр унитаз» ұлттық премиясын жариялады.

Аталған премияның басы елдегі туризмді дамыту үшін, мемлекет гүлдену үшін ең алдымен әжетханадан басталуы керектігінен туындаған. Ақыры қолға алынған жұмыстың нәтижесінде кәсіпкер «Қоңыр унитаз» ұлттық премиясын ұсынды.

Ол қандай премия?

Егер сiз ең нашар деген әжетхананы көрсеңiз, оны суретпен видеоға түсiрiңiз. Жанына ол мекеменiң бастығының сүретiн салып қойыңыздар постыңызға. #қоңырунитаз деген хештег қойыңыздар постыларыңа. Бәрiмiз ұятқа қалдырайық ол басшының қабiлетiн.

 

Флешмоб жүлдегерiне бiз шығаратын өнiмiмiздiң жинағын сыйлаймын. 
Флешмобтың жүлдегерiн Наурыздың 1 күні анықтаймыз. 
Ал ең нашар әжетханалы бастыққа "Қоңыр УНИТАЗ" жүлдесiн жiберемiз,- деп қазақ және орыс тілінде жазба қалдырды.