Hi-Tech

Қазақ киберспортшысы АҚШ-тың ТОП-5 рейтинге кіруіне көмектесті

Қазақстанның ең мықты командасы AVANGAR осы рейтингте

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаевтың командасы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен ELEAGUE CS:GO Invitational жарысынан кейін әлемдік рейтингте үздік бестікке енді. 
 
Еліміздің ең мықты геймері жыл басынан бері америкалық FaZe Clan командасы үшін өнер көрсетеді. Ол АҚШ-та iBUYPOWER Masters IV жарысында FaZe Clan сапында бірінші рет өнер көрсетті. Ол кезде олар небәрі бесінші орынды қанағат тұтты. Кейінірек Атлантада жүлде қоры 200 мың доллар болған жарыста Қыстаубаевтың командасы бірінші орынды иеленді.
 
Қазіргі уақытта беделді HLTV сайтында қазақстандықтың командасы төртінші орында тұр, олардың алдында Astralis, Team Liquid және Natus Vincere командалары жүлделі орындарды өзара бөліскен.
 
Сонымен қатар, Қазақстанның ең мықты командасы AVANGAR осы рейтингтен табылды, олар 17-ші орында.
 
Айта кетейік, Қытаубаев ресейлік Gambit командасы үшін өнер көрсеткен еді. Өткен жылы ол тағы екі қазақстандық Рустам Тілепов пен Абай Хасеновпен Major Krakow CS:GO жарысында жеңіске жетті. Қазіргі уақытта ол еліміздің ең танымал әрі табысты киберспортшысы.
 

2018 жылы K23 ұлттық құрама сапында Қытаубаев CS:GO ойыны бойынша World Electronic Sports Games әлем біріншілігінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Жарыс 2019 жылы наурыздың 10-16 аралығында Қытайдың Чунцине қаласында өтеді.

 Vesti.kz