Hi-Tech

Жаңа технология: құлаққапсыз және дауыс ұлғайтқышсыз ән тыңдау

Израильдік инженерлер құлаққап және дауыс ұлғайтқыштың көмегінсіз ән тыңдауға арналған жаңа технология ойлап тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Израильдік инженерлер қоршаған ортадағы дыбыстарға тосқауыл қоймай, дыбыстық сәулені тыңдаушының құлағына бағыттайтын ерекше динамик жүйесін жасады, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Noveto технологиялық компаниясы SoundBeaming деп аталатын акустикалық технологияны пайдаланып музыка тыңдаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Әзірлеушілердің айтуы бойынша, бұл тыңдаудың мүлдем жаңа түрі, ол адамдардың дыбысты қабылдауын өзгертеді. Дауыс ұлғайтқыш ультрадыбыстық толқындар шығарады, олар адамның құлағына жетпейді. Сонымен қатар, құлаққаптардың болмауы бөлмедегі басқа дыбыстарды анық естуге болатындығын білдіреді.

Жүйе нақты уақыт режимінде тыңдаушының басының орналасуын бақылайды және дыбыстық толқындардың фокустық сәулелерін тікелей құлаққа бағыттайды. Тыңдаушыдан біраз қашықтықта жат адам дыбыстардың жаңғырын ғана ажырата алады. Бір метр қашықтықта ештеңе есту мүлдем мүмкін емес.

«Оу, мен бұған шынымен сене алар емеспін», - деп көпшілік өз  толғаныстарын білдіріп жатыр.

 

«Сіз бұған сенбейсіз, өйткені бұл дауыс ұлғайтқыш сияқты көрінеді, бірақ оны ешкім естімейді. Біз армандаған нәрсе осы», - деді Noveto компаниясының өнім менеджері Аяна Уоллуотер.


SoundBeamer-ді жасаушылар бұл технология кеңсе кеңістігінде және автомобиль интерьерінде пайдалы болады деп болжайды. Сонымен қатар, компания ойыншыларға назар аударады. Басқаша айтқанда, мақсатты аудитория дегеніміз - өзін қоршаған ортадан толығымен оқшаулай алмайтын, бірақ сонымен бірге жеке дыбыс көзін тыңдағысы келетіндер.

 Noveto - Transforming how we experience audio

Bluetooth арқылы қосылуға болатын жаңа құрылғы 2021 жаңа жылға дейін сатылымға шығады.