Hi-Tech

Интернетсіз өміріңізді қалай елестетесіз?

Бүгінгі қоғам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Адамзат өміріне интернет кіргеннен бастап 20 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ ол кезде, 1995 жылдары интернетті тек адамдардың 1%-ы  ғана қолдана алды. Би-би-си-дің айтуы бойынша ол кездегі ғаламтор желісі өте нашар, оны көбіне Батыс елдерінің адамдары қолданған. Ал қазір интернет 3,5 млрдтан астам адамда бар және бұл көрсеткіш секундына 10 адамға өсіп отыр.
Pew Research-тің xалық арасында жүргізген сауалнамасы бойынша, қазір әрбір 5-ші американдық "үнемі" интернет желісін қолданады, 73% адам күн сайын желіге кіреді. Ұлыбританияның Ұлттық Статистикалық қызметтерінің мәліметтеріне сүйенсек, бұл елде де көрсеткіштер осыған ұқсас. 2016 жылы ересек британдықтардың 90%-ы соңғы үш айда интернет желісін үнемі қолданып келе жатқандықтарын айтқан.
- Адамдар осыған дейін де сол интернет арқылы жасалатын жұмыстарды жасап келді, тек 2-3 күн айырмашылықпен,- деді Скотт Борг.
Псиxологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ адамдар интернетсіз өзін жалғыз және мазасыз сезінеді екен. Бірақ Ресей еліндегі интернет тұтынушыларының көп бөлігі интернетсіз де өмір сүре алатындықтарын айтқан. Дегенмен 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы елдің 60% тұрғындары интернет желісін үнемі пайдаланған екен.
ВЦИОМ-ның сәуір айында жасаған сауалнамасының қорытындысы бойынша, жарты жылда бір рет интернет желісіне кіріп тұратын адамдардың жартысынан астамы "интернетсіз өміріміз еш өзгермейді, тіпті ол түгелімен жойылып кетсе де", ал интернетті үнемі қолданушылардың 39%-ы онсыз өмірлерінің әрине өзгеретіндіктерін, бірақ ол өзгерістерді жақсы қабылдай алатындықтарын жеткізген. Сауалнаманың қорытындысы бойынша Ресей еліндегі әрбір 16-ыншы адам интернетсіз өмірлерін мүлдем елестете алмайды.