МӘДЕНИЕТ

"Миддлемист" жайында естуіңіз бар ма?

Әлемде біз естімеген қаншама қызық ақпарат бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сондай қызықтардың бірі - әлемдегі ең сирек кездесетін гүл "Миддлемист". Ал анығырақ айтсақ, сирек кездесетін гүл "Қызыл миддлемист" атымен танымал. 

19 ғасырдың ортасында Джон Миддлемист есімді бағбан Қытайдан Еуропаға өте әдемі раушан гүлінің жалғыз көшірмесін алып келді. Оны уақыт жоғалтпастан Біріккен Корольдіктегі жылыжайлардың біріне тамырландырып, күтім жасайды. Гүлдің аты да еуропалық бағбанның құрметіне "Миддлемист" аталған. Айта кетсек, гүлдің тікелей ұрпағы сол жылыжайда әл күнге дейін өсіп келеді.

Біраз жылдардан кейін Қытай елінде бұл гүл түрі мүлдем жоғалады. Сәйкесінше, оның бастапқы атауы да ұмытылды. Қазіргі кезде әлемде Миддлемисттің тек екі көшірмесі қалды. Оның біреуі Ұлыбританиядағы Лондон қаласында болса, тағы бірі Жаңа Зеландияда екен.

Миддлемист гүлі Еуропаға келген жылдары "кейбіреулер бірнеше гүлді Джон Миддлемисттің рұқсатынсыз сатып жіберген" деген сыбыстар да бар...

Бүгінде Чезвик Хаус жылыжайының бағбаны оның иығында үлкен жүк тұрғанын айтады. Себебі, ол әлемдегі ең сирек кездесетін гүлдің күтіміне жауапты.