Саясат

Президент Елжан Біртанов пен Ерлан Сағадиевті мақтады

Үкіметтің кеңейтілген отырысы

 

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен білім министрі Ерлан Сағадиевті мақтады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек бағасының реттеліп жатқанын алға тартып, денсаулық сақтау министрін мақтады. Оның айтуынша, дәрілерді есепке алу тәжірибесі мемлекетке 26 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, мұндай жұмысты басқа бағыттарда да жүргізу қажет екенін айтып өтті.  

Президенттің сөзіне сүйенсек, қазақстандықтарды әлі күнге дейін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселесі алаңдатады. Ол кейбір ауылдарда медициналық тексеруден өтетін пунктерді ашуға болатынын және үш жыл ішінде жедел жәрдем орталықтарын реанимобильдермен қамтамасыз ету керек екенін айта отырып, бұған үкіметтегілер 27 миллиард бөлу крек екенін айтты.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы барлық әкімге өңірлерде тәртіп орнатып, оларға сеніп тапсырылған жұмыстарды атқаруды тапсырды.

"Барлық мектепті арнайы көлікпен, Интернетпен қамтамасыз ету керек. Білім беру рейтингіндегі позицияларымыз төмендеп жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"2018 жылы рейтингте 57-орынға шықтық. Реформалар жүргізіп, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деді білім және ғылым министрі.

"Дұрыс жолда келе жатырсың, жарайсың", - деді Президент Сағадиевке.