Bugin
Шынайы махаббат кейіпкерлері
• "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" аңызы. Бүгінге дейін халық арасында бұл махаббат тарихының жиырма түрлі нұсқасы тараған. Негізінен , Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың әкелері Қарабай мен Сарыбай бала кезден бірге өскен жақын достар еді, олар Баян сұлу мен Қозы Көрпеш дүниеге келмей жатып екеуін атастырып қояды. Кейіннен Сарыбайдың бәйбішесі дүниеге ұл әкелуін күтіп отырған кезде, аң аулауға кеткен отағасынан айырылып қалады. Дегенмен, Қозы мен Баян әкелерінің серттерін білмей, бір-бірінен тым алыста өмір сүреді. Бірақ, тағдырды алдап соғу мүмкін емес, Қозы мен Баян барлық шындықтың бетін ашады, олар тіпті, бір көргеннен кейін-ақ ес түссіз ғашық болып қалады. Алайда, уәде де сол жерде өз шегіне жетеді. Баянға ғашық Қодар зұлымдықтан құралған маххаббатн көзі бу шалып жауыздықпен Қозыны өлтіреді. Бұны білген Баян Қодардан өш алуды көздейді. Мен саған тұрмысқа шығамын, егер менің шашымнан ұстап, жұмбақ құдықтың түбіне түссең дейді. Ойында ештеңе жоқ Қодар амалсыздан келісіп құдыққа түсіп, түбіне жеткен кезде, Баян өз шашын кесіп жібереді. Дегенмен, Баян сұлудың жаны бәрібір жайлылық таппайды, Қозының қабірінің басына барып, өз-өзіне қол жұмсап қаза табады. Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мавзолейі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз қаласының маңында орналасқан.
• Келесі поэма қазақтың төл тума ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы "Еңлік-Кебек" трагедиялық поэмасы болып табылады. Поэманың басы Тобықты руынан шыққан, 15 жасынан бастап, атқа қонып елге бас бола білген Кебек батырдың өмірінен басталады. Кебек батыр өз болашағын білгісі келіп, таудың арғы бетінде тұратын Нысан абызға келіп, болашағын болжатады. Болашағын болжаған абыз, Кебекке өлімі Сұлу қыздан болатынын айтып ескертеді. Күндердің күнінде Кебек батыр аң аулауға шығады. Аңнан қайтып бара жатып, ай десе аузы, күн десе көзі бар Еңлік сұлудың қыстағына келіп қоныстайды. Ақырында, бір-біріне ғашық болып қалады. Алайда, Еңлікті әкесі Керей руынвн шыққан қазаққа атастырылып қойған болатын. Бір түні екеуі қашуды жөн көреді. Олар некелерін қидырып, жары мен жұбайы болады,тіпті, шекесі торсықтай сәбилері дүниеге келеді. Екі рудың адамдары бір-бірінен өш алуды көздейді, ру арасынан шыққан билер ғашықтарды көндіреді. Қос ғашық тағдырларымен қош айтысады.Дегенмен, Еңліктің соңғы айтқан сөзі баламды аман алып қалыңдар және Кебек екеумізді бір қабірде жерлеңдер дейді. Бұл шытырман махаббат аңызы да қазіргі ШҚО-да болған. Мавзолейлері 1960- жылдары тұрғызылған.
• Бұл тарих- әдебиет әлеміндегі ең танымал әңгіме. Шығарманың желісімен фильм түсіріліп, спектакльдер қойылып, кітаптар да шықты. Базарбай байдың тоғыз баласы болған, тоғызы да бірінен-бірі қаза тапты. Кейін бәйбішесі оған Төлеген және Сансызбай атты екі ұл туып береді. Олар намысшыл нағыз еркек болып өседі. Үйленер шағында Төлеген Ақ Жайықтың қызы Жібекке ғашық болады.Төлеген өз махаббатын ұзақ іздейді, дегенмен Жібекпен тоқтайды. Алайда, Жібек мінезі тым ауыр, талапшыл қыз болып шығады. Төлегеннің қолынан Жібектің жүрегін жаулау келеді. Солайша екеуінің арасында махаббат ұшқыны пайда болады. Олар тіпті, тойға да асқан дайындықпен қамданады. Аяқ-астынан олардың арасынан жау пайда болады. Ол Бекежан еді. Төлегенді өлтіреді, алайда Жібекке үйленем деген ойы жүзеге аспай қалады. Бұған шыдай алмаған Жібек өзін Ақ Жайыққа итереді. Толқын бетінде тек сәукелесі ғана қалып қала береді.