Weekend

Ең танымал онлайн кітапханаларды білесіз бе?

Оңай әрі қолжетімді кітапхана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Технологияның қарыштап дамыған заманында кітаптар да электронды жүйеге көшіріліп жатыр. Бұл өте жақсы әрі құптарлық іс дер едік. Себебі оңай әрі қолжетімді. Ең танымал 10 электронды кітапхананы білесіз бе? Кітапты электронды форматта оқығыңыз келсе, осы сайттарға кіріп, қарап көрсеңіз болады. Тек кітаптардың көпшілігі орыс тілінде екенін ескерткіміз келеді.

1. Максим Мошковтың кітапханасы (www.lib.ru) – орыстілді электронды кітапханалардың ішіндегі танымалы. Бұл кітапхана 1994 жылы ашылған. Авторлар мен оқырмандар кітапхананы күнделікті толықтырып отырады. Сервис ақша талап етпейді, барлығын тегін оқи аласыз. Бір кемшілігі – кітаптарды жүктей алмайсыз. 

 

2. «Альдебаран» кітапханасы (aldebaran.ru) кітапты ыңғайлы әр түрлі электронды форматта (epub, fb2, rtf, mobi, pdf) тегін жүктеуді ұсынады.
 
3. Бүкіл Толстой ((www.readingtolstoy.ru) бір кітапхана ішіне сыйып кеткен. Әлемнің 49 елінің өкілдері Толстойдың 90 томдығының электронды нұсқасын жасап шықты. Барлық шығармаларды кез келген ыңғайлы форматта тегін жүктеп алуға болады. Орыс классигінің 700-ге жуық шығармасы топтастырылған.
 
4. Энтузиаст Сергей Рублёв Фёдор Михайлович Достоевский (www.fedordostoevsky.ru) туралы барлық ақпаратты бір жерге жинауды қолға алған. Бұл жерден тек қана кітаптар ғана емес, әр түрлі әдеби жаңалықтарды, сондай-ақ фотомұрағат пен мұражайлардың тізімін көруге болады.
 
5. TarraNova кітапханасы (tarranova.lib.ru/about.htm) – өзін электронды кітапхана емес, мұрағат деп атауды өтінеді. Сайт басшылығының айтуынша, барлық мәтін авторлардың келісімі бойынша салынған.
 
6. Libereya.com (www.libereya.com) – «Либерейя» онлайн-кітапханасын тіркелгеннен кейін ғана тегін қолдануға болады. Қолданушыларға көптеген міндеттер жүктеледі, алайда кітаптар тізімі өте жақсы. 
 
7. Артефакт (artefact.lib.ru/library) – кітапханасында 8 мыңға жуық мәтін бар. Бұл кітапхананың бір артықшылығы – кітаптар тек орыс тілінде емес, әлемнің 32 тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Барлық файлдар тек doc форматында ғана. 
 
8. ThankYou.ru (thankyou.ru/lib) – тегін музыка және әдебиет порталы. Электронды кітаптарды fb2 форматында оқи аласыз. Сонымен бірге бұнда жазуды жаңадан бастаушы авторлар өз кітаптарын тегін жариялауына болады. 
 
9. Bookland.com (www.bookland.com/rus) – электронды кітаптар дүкені шығармалардың тегін коллекциясын 18 тілде ыңғайлы форматта оқуға мүмкіндік береді. 
 
10. «Қазақстанның ашық кітапханасы» (kitap.kz) – ұлттық әдебиетіміз мен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.