Марғұлан Ақан

Өзінің жүйесін өзі жойып жібермек

ХХІ ғасырда адамзат жеткен жетістіктің бірі – интернет. Дәл қазір біз пайдаланып отырған интернет түсінігін және жүйесін Тимоти Бернерс-Ли жасап шыққан. Ол күтпеген мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды Bugin.kz.

 

Не өзгереді?

Inrupt – Тимотидің жаңа интернет жобасы. Бұл жоба қолданушылардың (user) құқы мен ақпараттарын қорғауға арналған. Inrupt Solid жобасын барынша ауқымды түрде коммерциялық жағынан қолдай отырып осы істі жүзеге асырады. Аталған жоба бойынша команда осы уақытқа дейін үлкен жұмыстар жасап келеді.

Жобаның басты мақсаты – түрлі ақпарат кеңістігендегі мекмелер мен IT компаниялардың, әлеуметтік желілердің, месенджерлердің жеке құқықты таптауына, оның ақпарттарын алмасуына мүмкіндік бермейді.

Solid ақпаратты алмасу алаңы ретінде жұмыс жасайды және Dweb-те сақтауға көмектеседі. Аталған жүйе бойынша ақпарат серверді айналып өтіп берілетін болады.




Не себеп болды?

Басты себеп мемлекеттік орындардың жеке адам құқына араласуы мен жемқорлықтық пайда болуына алып келіп отыр. Осыған дейін Тимоти Бернерс-Ли интернетті қазіргі жобасы аясыда ойлап тапқаны туралы айтып келді.

«Ештеңеге қарамастан интернет жақсы дамыды және дамып жатыр. Бірақ интернет күштілердің қолына түсіп, басқа бағытқа ауып кетті»,-дейді Бернерс-Ли

 

 

0 Пікір Кіру