МӘДЕНИЕТ

Экзистенциализм деген не?

Қазіргі қоғам XXI ғасырға дейінгі қоғамға қарағанда ерекше сипаты айқын сезіледі. Ежелде адамдар ой-пікірі бойынша ерекшеленуі анық байқалмайтын. Бұның себебі – XXI ғасыр экзистенциализм пәлсапасының алтын ғасыры.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экзистенциализм – адамның өмір мағынасын түсінуге ұмтылуы. Өмір мәнін тапқан адам, сіз – экзистенциалсыз. 

Енді, философия тарихына үңілейік. Экзистенциализм философиясы алғаш XX ғасырдың орта шендерінде Еуропада пайда болды. Экзистенциализм философиясын қалаушылардың бұны ашуының негізгі себебі: қоғам техногенді, өндірістік заманға өтуі әсерінен адамгершілік қағидаттарын ұмыта бастауы деп санайды. 

Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю. Сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше.

Экзистенциализм Еуразиялық әдебиеттің, театрдың, өнер салаларының дамуына әсер етті. Айта кетсек,Албер Камю өз сөзінде: 

XVII ғасыр – математика ғасыры; XVIII ғасыр – физика ғылымдары ғасыры; XIX ғасыр– биология ғасыры; XX ғасыр – қорқыныш ғасыры деді. XX ғасыр дегені XX ғасырдың 40-50 жылдары. Бәрі білетіндей, ол ғасырда соғыстар орын алып, атом бомбасы кесірінен кем саны 60 миллион жазықсыз тұрғын, сарбаз қырылды. Ал XXI ғасыр XX ғасырдан қауіпсіз деп айту қиын. 

А. Камю еш өзгеріссіз өмір сүретін адамды өзінің «Сизиф жайлы аңыз» атты романындағы басты кейіпкерге келтіреді. Сизиф өз өмірін жақсы көрмейтін адам болды. Ешкіммен араласпайтын. Бір күні Құдай оны жазаламақ боп оған үй жанындағы таудың тастары ол көтерілген сайын құлайтынын айтып, оны жалғыз сол жұмысқа жегеді. Сизиф өміріне нали бастайды. Бұл – кейіпкер өзінің шарасыз жағдайын түсінетін шынымен қайғылы сәт. Оның үміті жоқ, бірақ оны менсінбеу арқылы жеңе алатын тағдыр жоқ. Шындықты білу, оны қабылдау және жеңуге мүмкіндік береді. Камю сенің міндетіңнің мақсатсыздығын және тағдырыңның бірегейлігін түсінгенде, өзінің жағдайының ақылға қонымсыздығын түсінуде еркіндікке қол жеткізіп, тыныштықпен қабылдаған күйге жетеді дейді. Камю «бәрі жақсы» және әрине «сізді бақытты деп елестету керек» деп тұжырымдайды.

Ал сіз өзіңізді таптыңыз ба?

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін