Әлем жаңалықтары

Асхат Садырбай: "Бір ойын, бір кубок, жеңімпаз әртүрлі"

Асхат Садырбай Жұлдыз Әбдікәрімова қатысқан байқауға қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист Асхат Садырбай "Әлем аруы - 2020" байқауына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.

Асхат Садырбай: 

" Mrs. Universe 2020 ға қатысты...

Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Абдукаримова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын. Бірақ...Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты. Түсініксіз.

Қайбір жылы Францияда өтетін “Intervilles” - “Намыс дода” халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу “Большие гонки” деген атаумен “Первый канал”дан көрсетілетін. Сөйтіп финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз.

Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар?" - деп әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялады.

Айта кетейік, қазақстандық жұлдыз Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алған.

Конкурс коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтті. Ресми сайтта 1-24 желтоқсан аралығында дауыс берілді. Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинады.

Редакция автордың ойымен келіспеуі мүмкін