Саясат

Тоқаев маңызды бірнеше функциясын өткізіп берді

Маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер тізбесін бекіту функциялары Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа Стратегиялық объектілер тізбесін бекіту функциялары өтті, деп хабарлады bugin.kz платформасы КазТаг сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Оған сәйкес, бекітілген мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзетілетін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ маңызды мемлекеттік мәні бар объектілер тізбесін бекіту функциялары Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қалмұханбет Қасымовқа.