Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев тәуелсіз Қазақстанды үш кезеңге бөлді

Тоқаев еліміздің азаттық алғаннан бергі уақытты үш кезеңге бөлді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі уақытты үш кезеңге бөліп қарастыруға болатындығы жайлы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр»,- деді Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде жарияланған мақаласында.

«Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды» дей отырып ядролық қарудан бас тартқанымызды, елордамыздың ауысуын, Ұлттық қордың құрылғанын да атап өтті.

«Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық

Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік»,- деп ел басшысы үш кезеңді атап өтті.