Bugin

Джессика Кокс: қолы жоқ ұшқыш

Джессика Кокс сирек кездесетін ақаумен дүниеге келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Джессиканың анасы тапсырған көптеген анализ іштегі баланың денсаулығында кәнірат жоқ деп көрсеткен. Дегенмен Джессика Кокс екі қолсыз жаратылады. Сирек кездесетін ауруына қарамастан Джессиканың ерік-жігері мол. Бүгін Джессика аяқтарының көмегімен жаза алады, телефонмен тілдеседі. Джессика тіпті көлік жүргізеді екен. 

Джессика психология факультетін тәмамдаған. Би үйірмесіне қатысып, тхэквондодан қара белбеу иегері. Ең қызығы Джессика ұшақ басқара алады. Ал телефонмен минутына 25 сөз жазады екен. 

Джессиканың басқаратын ұшағын "Ercoupe" деп атайды. Бұл ұшақтың ерекшелігі сол – ұшақтың педалі жоқ. Джессика ұшқыш атану үшін 6 айлық емес, 3 жылдық курсты оқыған. Бүгінде Джессика әуеде 89 сағат бойы ұшыпты. Гиннесс рекордтар кітабіна "Ең алғаш қолы жоқ ұшқыш" ретінде енген.