Bugin

Экономист: "Адал" партиясының бағдарламасы – нағыз популизм

Түркияның тәжірибесінен өткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, парламенттік сайлауға түсіп жатқан партиялардың арасында бағдарламасы ең нашары әрі ақылға қонымсызы – "Адал" партиясының бағдарламасы. Мұны ол ИАЦ басылымына берген сұхбатында айтты.

Экономисттің айтуынша, Adal партиясының бағдарламасы – нағыз бедел қуу жолында жасалған жалаң бағдарлама. Оның қоғамға зияны шаш-етектен.

"Мәселен, партия Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін 4%-ға дейін түсіріп, салық жүктемесін 1,5 есе азайтайық, кәсіпкерлерді зейнетақы қорына жарна төлеуден босатайық дейді. Басында мұндай бағдарламаны оқып мен де таңқалдым. Өйткені мұның бәрі бос уәде: бағдарламада ақылға қонбайтын, орындауға мүлдем келмейтін, түптеп келгенде, экономиканы құлдыратар нәрсе көп", - дейді Айдархан Құсайынов.

Экономисттің айтуынша, басқа партиялардың бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттің қаржысы жетпейді, ал Adal партиясының жоспарын орындауға мүлдем қаржы керек жоқ. Бағдарламада айтылған салықты, базалық мөлшерлемені төмендету оп-оңай, ал оның экономикалық зардабы шаш-етектен.

"Яғни, бұл партияның бағдарламасы жай ғана жауапкершілігі жоқ, популисттік идеялар ғана. Мәселен, партия өкілдері бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын базалық ставканы төмендету арқылы көбейтуді ойлайды. Бұған дейін Түркия дәл осы қадамға барған. Лира бір сәтте құлдырап, инфляция күрт өсіп, инвесторлардың бәрі банкрот болған еді. Түрік билігі қателігін мойындап, бұрынғы саясатына қайтып оралды", - дейді Құсайынов.