Әлеумет

Қазақстандағы "ең қымбат" бейнебаян жарыққа шықты

«Baha Puper» және «NNN» атымен танымал блогерлер «Hi One» атты бейнебаянды халық назарына ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олар атышулы бейнебаянды GAKKU TV жариялады. Инстаграм жұлдыздары бұл туындыны телефонға түсіргенін жасырмайды. 

Халықты "ең қымбат бейнебаян" деп дүр сілкіндірген жігіттер соңында: "Сіздер мұны ең қымбат бейнебаян деп ойладыңыздар ма? Біз бұдан шығындалғаннан гөрі көбірек пайда таптық" деп көпшіліктің алданғанын растады. 

Халық тарапынан бұл қылықтарын түсінбегендер де, әзіл ретінде қабылдағандар да болды. Бұл сөзімізге  «Еее, түсінікті. Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатыр екенбіз ғой» немесе «Бұл не әуен? Ешқандай мәні жоқ. Жастарға тәрбие беретін ән айтса болады ғой» сынды пікірлер дәлел.