Әлем жаңалықтары

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

Оның жалпы байлығы 188 млрд долларды құрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның жалпы байлығы 188 миллиард долларды құрады. Бұл жағдай оның автокөлік шығаратын компаниясы Tesla-ның акцияларының бағасы өскеннен соң орын алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

2017 жылдан бері әлемнің ең бай адамы ретінде алғашқы орынды Amazon-ның негізін қалаушы Джеф Безос иеленіп отырды.

CNBC-тің хабарлауынша, 2020 жылдың басында Масктың жалпы дәулеті 27 млрд долларды құраған болатын. Кәсіпкер ол кезде ең бай 50 адамның қатарына әрең кіріп тұрған екен. Алайда Tesla компаниясының акциясы 743%-ға дейін өскен соң, оның кірісі 150 млрд долларға дейін жеткен. Айта кетейік, бұл көрсеткіш Билл Гейтстің бар байлығынан  (132 млрд доллар) біршама көп.