Weekend

Ерекше кітапханалар

Кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кітап біздің сан ғасырлық тарихымыз бен тыныс-тіршілігіміздің құнды жәдігері. Ал кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі. Заман озып, технология дәуірі қанша қарыштап дамыса да кітап пен кітапхананың орны қашан да ерек. Біз бүгін әлемдегі «ерекше кітапханалар» жайлы сөз етіп көрмекпіз. Ендеше, кеттік!

Футуристік кітапхана

Қытайдың Тяньцзинь қаласында голландиялық MVRDV бюросы ұйымдастырған футуристік кітапхана ашылған болатын. Ол жергілікті тұрғындар мен туристер көңілін бірден жаулап алды. Бірақ, кейін белгілі болған ақпараттар бойынша сөрелердегі барлық кітаптар шынайы емес болып шықты. Олар бар болғаны суреттер екен. 
Кітапхана директоры Сюфэн Людің айтуы бойынша, кітаптар футуристіккітапхананың басқа залында орналастырылған. Ал, орталық залдағы «сурет кітаптар» жобаның ерекшелігі ретінде ескерілуі керек болған. Қалай болғанда да, олар өте әсерлі көрінеді. Кітапхананың да атмосферасы айрықша.

The Library Resort қонақ үй-кітапхана, Тайланд

Самуй аралының Чавенг жағалауында қонақ үй-кітапхана бар. «Library Resort» деп аталатын кітапхана шынымен қонақ үй секілді. Ақиқатында бұл шынымен де қонақ үй, бірақ кітапхана негізінде қаланған. Келушілер тек теңізге түсіп демалмайды, сонымен қатар кітап та оқып ләззат ала алады.

Лиюань, Қытай 

«Кітап храмы» деп аталатын Лиюань кітапханасы Қытай елінде орналасқан. Цинхуа Ли Сяодунем университетінің сәулетшілері салған кітапхана ескі үлгіде жасалған. Онда 45 мың ағаш бұтасы бар. Кітапхананың кереметі онда отыратын орындық не үстел жоқ. Кітапты көрген жеріңізде жерге отырып оқи бересіз. Қаладан тыс жерде орналасқан кітапхана қуат көзінің болмауына байланысты 16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Бишан, Сингапур

LOOKArchitects компаниясының жобасы негізінде салынған Бишан қоғамдық кітапханасы Сингапур еліндегі жаңа бір ерекшелікке ие болған кітапхана.Кітапхананың ерекшелігі ғимарат ішінде арнайы оқыған кітапты талдау үшін жасалған сөйлесу залы бар. Одан қала берді кітапхана іші жарықтандырылған және сары, жасыл сынды қанық түстермен көмкерілген.

Гайзел, АҚШ

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің кітапханасы да өз ерекшелігімен көз тартады. Кітапхана жазушы, меценант Теодора Сьюза Гейзелдің атына берілген. Бәйтерек секілді, бірақ заманауи үлгіде салынған кітапхана сыртында: «оқы, жаз, ойлан, арманда» деп жазылған.

Келесі кітапхана көзіңізге еріксіз жас үйреді. Біз бұл кітапхананы «ерекше кітапханалар» қатарына қосуды жөн санадық.

Үндістандық 9 жасар Muskan Ariha Бхопал қаласынан шағын кітапхана ашты. Айтуынша мектепті аяқтаған соң өзінің жеке кітапханасын ашу ойында бар екен. Жақын маңдағы кедей аудандарда тұратын кемтар балалар кез келген уақытта келіп кітаптарды қарап, тыңдауына болады. Әзірге кітапханада 119 кітап. Әр келген бала кез келген кітапты үйіне оқуға алып кете алады.

жалғасы бар...