Ғаламды бағындырған-ғаламат!!!

«Заман өзгерді, сен де өзгер»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


«Заман өзгерді, сен де өзгер», - деп туған халқына хакім Абайдың арнаған өсиеті есімізде. Сол Абай айтқан, Абай меңзеген өзгерістер уақыт өте келе арнасы кеңейіп, барынша күрделеніп бүгінгі тәуелсіз заманымызда да өзінің өктем талабын алдымызға тартып отыр. Осы заманда қай халық болса да шетел тауарын, егер ол өз сұранысына қолайлы болса, ешқандай жатсынбай өз өмірлеріне пайдалану дәстүрі қалыптасқанынан естіп те, көріп те жүрміз. Біздер, Қазақстандықтар да Жапония, Оңтүстік Кореядан келген жүйрік жеңіл машиналарды, Батыс, Шығыс елдерінен келген көптеген тамақтың түрлерін,Еуропа ел-дерінің сәнді тігілген киімдерін, алыс-жақын жылы елдерден келген жеміс-жидектерді, күнделікті өмірге керек техника, технологияларды өз өмірімізде кеңінен қолданатынымызды жасырмайық. Қолымыздан түспейтін ұялы телефон, компьютер,фотоаппарат т.б. құралдың елімізге аяқ басқанына да біраз уақыт болды. Бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарында болу үшінде осындай техникалар керекте шығар бәлкім?!  

Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. Ғасырлар жырлайды демекші, сонау замандарда кітап, кейін газет,журнал,оның жалғасы радио мен телевизияның  жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнім¬ділігін, пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға жол ашты. Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет же¬лісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманауи мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақ тілді контенттер мен ау¬диовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті.Осының қарыштап дамуы  нәтижесінде және оның базасында интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика. Академик Ғ.Есімнің: «...біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор - ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі,  жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» сақтауы мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария етілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде» – деген пікірі интернеттің зор мүмкіндігін паш етеді. Қазіргі таңда қоғамның БАҚ-на қояр талабы зор. БАҚ өкілдерінің рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз ісінің маманы болуы шарт.  
Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз бай¬ланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқа¬ра¬лық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға кө¬тер¬¬ді. Ғаламтор ақпарат ағымының ти嬬гін ағытты, әлемдік ақпараттық ке¬ңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсері¬нен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшы¬рауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұрыптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпа¬раттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек. Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медиа¬ның болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-дың дәурені жүріп тұр. Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат¬ кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиалық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятын¬дай. Сонымен қатар, 2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру ғаламды бағындырған-ғаламатпен бірге жүзеге асады десекте артық болмас!