Bugin

Иттерге арналған қалашық салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

PetVille қайырымдылық қоры Алматыда иттерге арналған қалашық салды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

PetVille баспанаға, тамаққа және қамқорлыққа мұқтаж иттерге арналған. Мұнда түрлі түсті үйлер, әр итке арналған қоршау бар.

Қалашыққа иттер әртүрлі себептермен әкелінген: көшеден табылған, жоғалып кеткен т.б. Баспананың негізін қалаушылар иттердің санына емес, шынайы қамқорлыққа назар аударған. Иттерге кез келген адам көмектесе алады. Petville қосымшасы арқылы қалаған сомаңызды көмек ретінде аудара аласыз. Сіз баспана аумағында жануарларды бақылай аласыз. Үйлердің ішінде онлайн камералар орнатылған.

«Біздің жоба жануарлар әлемінің тағдырына бейжай қарамайды. Бағдарлама саналы адамдар үшін жасалған. Сондай-ақ, түрлі себептермен үй жануарларын асырай алмайтындар қосымша арқылы кез келген итті маңыздылар тізіміне қоса алады. Біздің қалашыққа келе алады» дейді PetVille-дің негізін қалаушылар.

Иттерді алып кету үшін арнайы шарттар бар. Иттің арнайы үйшігі, ішер асы болуы қажет. Біраз уақыт итті тексеру үшін бақылаушылар қарап отыруы тиіс.

PetVille аумақты кеңейтуді, жаңа үйлер салуды жоспарлап жатыр. Қазір үйлердің саны – жетеу. Болашақта олардың санын 100-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Олардың айтуынша, қоғамдық материалдық және моральдық қолдау қажет.