Bugin

Назарбаев қандай кітаптар оқиды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету" атты деректі фильмінде соңғы рет қандай кітап оқығанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Мен классиканы ұнатамын. Бүгінде жас болсын, кәрі болсын бәрін бірдей оқу – үлкен қателік. Адам өзіне қажетін іріктеп оқуы қажет" дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әдеби кітаптың түр-түрін оқиды. Бірақ қазір детектив жанрындағы әдебиеттерге жиі ден қоятын көрінеді.          

"Мәселен, мені Борис Акунин, Конан Дойл қызықтырады. Соңғы оқыған кітабым Оливер Стоунның –  "Американың белгісіз тарихы" ("The Untold History of the United States"). Кітап бірінші дүниежүзілік соғыстан Обаманың билігіне дейінгі кезеңді қамтиды. Оливер Стоун АҚШ пен Ақ үй саясатының қыр-сырымен бөліседі. Қызығарлық тарих. АҚШ-тың бізге беймәлім сырын ашады. Жағымсыз жайттарды да ашық хабарлайды... Кеше ғана жеке кітапханама экономикаға қатысты кітаптарды әкеп қойдым. Елге, Президентке пайдасы бар елдер тарихы туралы кітап оқуға тырысамын" деді Елбасы.

Елбасы бұрында мелодрама көргенді ұнатқан екен. 

"Қазір шытырманға толы фильмдерді көбірек көремін"  деп қандай жанрды ұнататынын атап өтті.

"Қазір барлығы тез үйленеді, тез ажырасады. Бұл қиын мәселе. Бәрі асығыс. Жігіт "сен әлемдегі ең сұлу жансың"  дейтіндей, әлемдегі барлық қызбен кездескен жоқ қой. Егер "мен сенімен қайғыда да, қуанышта да бірге болғым келеді" десе бұл басқа әңгіме" деді Назарбаев қоғамдағы маңызды тақырыптарды қозғап.